Анна Данилина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті

Отандасымыз жұптық сында сайысты сәтті бастады

KTF
KTF

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жұптық сынын сәтті бастады.

Бірінші айналымда жетінші нөмірмен тіркелген Данилина мен америкалық Дезире Кравчик жапониялық Сюко Аояма мен Қытай Тайбэйінің өкілі Лян Эн-Шоны жеңді. Екі сетке созылған матч қазақстандық-америкалық жұптың пайдасына 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.

Матч барысында Анна мен Дезире бір эйс жасап, екі қос қателік жіберді және 13 брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалға шығу үшін олар жаңа зеландиялық Эрин Рутлифф пен индонезиялық Алдила Сутджиадимен кездеседі.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам