Доп көрермендердің біріне тиіп, жанкүйер жарақат алды
Ресейлік теннисші Даниил Медведев Бейжіңдегі ATP-500 турнирінің жартылай финалында өз әрекетінен жарақат алған жанкүйерді ауруханада барып көрді.
Бұл туралы журналист Лоренцо Эрколи X әлеуметтік желісінде жазды.
Оқиға Медведевтің сербиялық Новак Джоковичпен жартылай финалдық кездесуінің соңында болды. Есеп 5:7, 3:5 болып тұрған сәтте Джокович матчқа доп берген кезде, Медведев ұтылған ұпайдан кейін ашуға беріліп, ракеткасымен жанында жатқан допты трибунаға қарай ұрып жіберді.
Доп көрермендердің біріне тиіп, жанкүйер жарақат алды.
Осыдан кейін төреші мен турнир супервайзері жағдайды талқылап, Медведевті кездесуден шеттету туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Джокович келесі кезеңге өтті.
Кейін Медведев жарақат алған көрерменнің жағдайын білу үшін ауруханаға барып, одан жеке өзі кешірім сұрады.
«Даниил Медведев жанкүйерден жеке кешірім сұрау үшін ауруханаға барды. Көрерменнің жағдайы жақсы. Ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат жоқ. Алайда ол өзінің денсаулығына қатысты қосымша мәлімет беруге дайын емес», — деп жазды Лоренцо Эрколи.