Джокович үшін Пекиндегі жеңіс – биылдыққа бірінші, мансабындағы 102-ші титул
«Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы серб Новак Джокович Пекиндегі ATP-500 сериясындағы турнирдің чемпионы атанды.
Бір жылдан бері ешқандай жарыста топ жармаған Джокович жарақатынан толық айығып үлгермегенін де айта кету керек. Финалда ол аустралиялық Алекс де Минормен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті, есеп – 7:6 (7:3), 0:1.

Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды. Осы уақытта серб теннисшісі бірде-бір эйс және бірде-бір дабл-фол жасамады. Сондай-ақ, брейк-пойнт мүмкіндіктерін де пайдаланған жоқ. Ал, де Минор болса 4 эйс пен екі дабл-фол жасаған.


Джокович үшін Пекиндегі жеңіс – биылдыққа бірінші, мансабындағы 102-ші титул. 39 жастағы теннисші дәл осы турнирді бесінші рет жеңіп отыр.