Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

«Менің танымалдылығым жоғары»: Данияр Елеусінов сыни сөздерінің кімге бағытталғанын айтты

08.01.2026, 16:50

Ол Еркебұлан Тоқтармен қарым-қатынасы талқыланып жатыр. 

«Менің танымалдылығым жоғары»: Данияр Елеусінов сыни сөздерінің кімге бағытталғанын айтты
Әлеуметтік желі

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен танымал актер, поп-ММА жұлдызы Еркебұлан Тоқтар арасындағы ықтимал жекпе-жек соңғы күндері жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті.

SauBall YouTube-арнасына берген сұхбатында Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтармен жекпе-жек өткізу туралы ұсынысты қаржылық тұрғыда ғана қарастыруға дайын екенін, әйтпесе Еркебұланның өзіне шамасы жетпейтінін айтқан.

«Табыс тұрғысынан алсақ – иә. Ал спорттық тұрғыдан қызығушылық жоқ, өйткені ол мені жеңе алмайды», – деді Олимпиада чемпионы.

Бұл пікір желіде тез тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Бірі Даниярдың сөзін орынды деп санаса, енді бірі мұны Еркебұлан Тоқтардың деңгейін төмендету деп қабылдады. Еркебұлан Тоқтардың өзі де үнсіз қалған жоқ. Ол Елеусіновтің сөздерінің жаны бар екенін, бірақ жекпе-жекке дайын екенін меңзеді.

Алайда дау мұнымен тоқтамады. Қоғамдық пікір екіге жарылған соң, Данияр Елеусінов мәселені қайта түсіндіріп, арнайы мәлімдеме жасады.

«Еркебұланмен төбелесу ұят» деп жазып жатқандарға жауап берейін. Оның деңгейін төмендетпеңіздер. Еркебұлан – танымал спортшы, қазір медиа уақыты. Мен ешқашан «Еркебұланмен жекпе-жекке шығамын, ұйымдастырыңдар» деп айтқан емеспін. Егер Джейк Пол мен Энтони Джошуа арасындағыдай формат болса, оны неге өз елімізде жасамасқа дегенді ғана меңзедім», – деді ол.

Елеусінов сондай-ақ Еркебұлан Тоқтармен жеке таныс екенін, араларында ешқандай кикілжің жоқ екенін атап өтті.

«Еркебұланды жақсы танимын, ол – менің досым, інім сияқты. Менің бұған дейін айтқан сөздерімнің Еркебұланға еш қатысы жоқ. Ол басқа бір адамның «менің танымалдылығым жоғары, сондықтан көбірек сыйақы алуым керек» деген сөзіне қатысты айтылған. Оның кім екенін өздеріңіз біліп аларсыздар. Ал Еркебұлан – түзу жігіт», – деп түйіндеді Олимпиада чемпионы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам